Бабалар жүрген жолменен

Аудан орталығы «Мыңжылқы» мәдениет сарайына орналасқан орталық кітапхананың оқу залында жаузшы, журналист Мақсат Қарғабайдың  Созақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тарихы туралы жазған «Бабалар жүрген жолменен» атты тарихи-танымдық кітаптың шағын тұсаукесері жарты сағат көлемінде 6-7 адамның қатысуымен ғана аталып өтті. Түркістан облысы бойынша тұңғыш рет Созақ ауданында аудандық ата-аналар комитетінің «Ғибрат» атты кітабы 2016 жылы шықса, 2017 жылы облыста тұңғыш рет «Ерлікке ұран» атты желтоқсан ардагерлері туралы кітапта Созақ ауданында бірінші рет оқырманға жол тартқан еді. Бұл жолы да облыстың аудан, қала әскери комиссариаттары ішінде бұл кітап Созақ ауданында ғана оқырманға алғаш рет жол бастап тұр. Сол себепті де ізгі бастамалардың бастаушысы бола білген Созақ ауданы азаматтарына, кітапты қолдап, қол ұшын созған Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, подполковникНұрмахан Дүйсебаевқа, Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Ерлан Манаповқа барша оқырмандардың алғысы шексіз. Кітапханадағы бас қосуда Ерлан Қалмаханұлы кітап авторы Мақсат Қарғабайға  Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы, подполковник Нұрмахан Дүйсебаевтың шынайы алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ардагерлері Т.Онбаевқа, Р.Махалиевке, А.Есжановаға, кітапхана ұжымына жаңа кітаптар тарту етілді.

«Созақ үні»-ақпарат»

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news