Ауылдың ардақты азаматтары

«Еңбек адамды құрмет пен абыройға бөлейді»-дейді Созақ ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Асаубай Бәкіров.

   Еңбек-ер атандырады, құрметке бөлейді дегенді Асекең көп айтады. Айтса айтқандай ол осы қағиданы жанынан мықтап ұстаған азамат. Сонау бала кезінен ол еңбекқор болып өсті.

Сұрапыл соғыс жылынан екі жыл бұрын дүниеге келген А.Бәкіровтың бала күндері сол алапат қан құйлы соғыспен тұспа-тұс келді. Жеңіс мерекесінен кейін бір жылы өткен соң мектеп табалдырығын аттады. Он жылдықты бітіргеннен кейін Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге аттанады. Жауынгерлік қызметін абыройлы атқарып елге оралады. Сол кезде әскерде қызмет ету үш жыл болатын. Жауынгерлердің арасында ол еңбекқорлығымен, адалдығымен, іскерлігімен көзге түседі. Өңірі орден, медалдарға толып қайтады елге.

Асаубай алғашқы еңбек жолын шопан болудан бастайды. «Жас келсе, іске демекші» жұмысқа кіріскен күннен бастап өзінің тындырымдылығымен көзге түседі. Әрине алғашқы кезде қиындық кездеспей қалған жоқ деп еске алады ол өткен шақтарды еске алып. Десе де тәжірибелі шопандардан үйрене жүріп сақа шопандар қатарына қосылды. Ұжымның малын өз төлі есебінен көбеюіне үлкен үлес қосты. Жыл сайын межеден шығып, алдыңғы қатарлы шопандардың тізіміне ілікті.

Жүн алу, қозыны етке өткізу салмағын үнемі жоғары ұстады. Жаздың аптапты ыстығына, қыстың қытымыр аязына жас та болса төзе білді.

Еңбекте шыңдалып, кейінгі шопандарға іс-тәжірибесін үйретті. Еткен еңбек, төккен тер ескерусіз қалған жоқ. Құрмет пен абыройға бөленді.

1964 жылы малшылар слетінің делегаты болып сайланды. Жас шопандар мен тәжірибелі шопандардың үлкен алқалы жиында ол өзінің іс-тәжірибесін ортаға салды. Сол жылдары Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен кейін Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Алпысыншы жылдардың басында ол шопандықты жүргізушілік кәсіпке ауыстырды. Жүргізушілікке ауысуына әскерде шофер болғаны және мектеп бітірген кезде аз уақыт машина айдаған еді. Құмкент совхозында тоғыз жылдай шофер болып еңбек етті.

Домбыраның қос ішегіндей сызылған қара жолмен шаруашылықтың талай шаруасын асықпай-саспай жүріп бітірді. Бұл салада да үлгілі еңбек жолын қалыптастырады. Жазда шөп дайындау науқанына қатысса, қыста алпыстағы мал жайылымда отырған шопандарға жем-шөп тасиды.

Шофер болып жүрген кезінде алыс отарларға барамын деп жүріп талай қиындықтарға кездесті.

Бір күні іргежалдың асуынан аса алмай жолда қалып қойған жағдайы да кездесті. Таң қылаң бере жолына сексауыл төсеп асудан асқаны бар. Мұндай оқиғалар айтып отырса көп кездескен. Асекең кісілік дегенді білмейді. Барған жерде шопандардың қолы тимей жатса, шөпті де, жемді де өзі түсіре салатын.

Сондықтан болар оны шопандар қауымы жақсы сыйлады. Келсе дастарханын жайып, құрақ ұшатын.

Еңбек ете жүріп бұл саланың жұмысын шыр көбелек айналдырады. «В.И. Лениннің 100 жылдық» медалін, Кеңес әскерінің 60 жылдық медалін өңіріне қадады.

А.Бәкіровтың есімі оның ұжымшарда звено жетекшісі болып еңбек еткен жылдары Республика көлеміне танылып, абыройы асқақтады. Сол жылдар бір мың тоғыз жүз сексен бес, бір мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылдар болатын.

Алғашқы жылдары «дала аруы» атанған жүгері алқабының әр гектарынан жетпіс бес центнерден өнім алса, одан кейінгі жылдары әр гектардан 100-129 центнерден өнім алып, аудан, облыс, республика, одақтың жеңімпазы атанды.

Қазақ ССР ауылшаруашылығы көрмесіне ВДНХ-ға делегат болып қатысты. Одақтың қола, күміс, алтын медалдарын иеленді.»Москвич-412» автокөлігін сыйлыққа алды. Аудандық партия, кәсіподақ комсомол комитеттерінің Грамоталарымен марапатталды.

Сол жылдар біздің балакезіміз Асекеңнің иығынан кетпені түспейтін. Қашан көрсең де аяғына резина етіккиіп алып жүгері алқабында жүретін. Ерте тұру- ол кісінің қашанғы әдеті. Еңбекқор жан таң атпай іске кірісетін. Тынымсыз еңбегінің арқасында мол өнім алып жоғары жетістікке қол жеткізді. Көрші аудандардан талай әріптестері келіп, іс-тәжірибесін бөлісті. Оларға үйретуден жалыққан жоқ. Жұмысқа беріле кірісетін Асаубай тынымсыз еңбегінің арқасында елге танылып, құрметке  бөленді. Есімі республика көлемінде мақтанышпен аталды. Марапаттаулардың бірнешеуін қанжығасына байлады. Еңбек Қызыл Ту орденін иеленді.  Аудандық партия комитетінің үш дүркін мүшесі, облыстық партия комитетінің екі мәрте мүшесі болды. Қазақстан Компартиясы съезінің делегаты, Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланды. Сондай-ақ, «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалінің және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалін иеленді.

Өзінен кейінгі жастарға звено жетекшілігін тапсырып А.Бәкіров 1993 жылы зейнеткерлікке шықты. Зейнеткерлікке шықса да қол қусырып қарап жатқан жоқ. Кейінгі ұрпаққа өзінің өнегелі өір жолы жайлы әңгіме айтып, оларды еңбекке баулуға сүбелі үлес қосып жүр.

Үй іргелік жерін баптап, ол жерлерге бірнеше жеміс талдар отырғызды. Қазір балалары, немерелері жемісін жеп жүр. Жыл сайын бақшасына қауын-қарбыз, көкөністер егеді. Алынған өнімдерін азық-түлік ретінде пайдаланады.

А.Бәкіров он бала тәрбиелеп өсірген отағасы. Қыздарын қияға, ұлдарын ұяға қондырып, немере-шөбере сүйіп отыр.

Өмірлік жары Күлия Қамшыбекова апамыз дүниеден өтсе де орнын жоқтатпай. Ұл-қыздарына бас-көз болып, қадірлі қариялар қатарында ғұмыр кешіп келеді.

Қоғамдық жұмыстардан қол үзген емес. Ауылдағы ақсақалдар кеңесінің белді мүшесі. Жастармен өзінің өмір тәжірибесі жайлы жиі кездесулер өткізіп тұрады.

Созақ ауданының Құрметті азаматы, елдің ақылгөй  ақсақалы: «Еңбек адамды құрмет пен абыройға бөлейді»,-дейді.
жастардың бойына осы қасиетті сіңіре білсек, алдыңғы буын соған қуанамыз дегенді жеткізді.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...