Ауыл шаруашылығы техникалары өзімізде құрастырылады

Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады.

Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асырмақ.

Жоба үш кезеңнен тұрады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба жүзеге асатын болса жүз адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Инвесторлардың айтуынша, олар кең қолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларына басымдық бермек. Атап айтсақ, әмбебап жер айдау тракторы, мақта шаруашалығына арналған агрегаттар, түрлі тіркемелер мен роторлы орақтар, су бүрку желдеткіштері мен соқа және басқа да техникаларын құрастыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ қазақстандық мамандарды оқыту мен біліктіліктерін арттыруды, техникалық персонал үшін тәжірибелік тренингтер жүргізуді де жүзеге асырмақ. Ал, отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы техникаларын сату үшін дилерлік және сервистік желіні дамытатын болады. «Turkistan Invest» тарапынан инвестормен жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай жобалардың екі ел үшін де маңыздылығын және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. Ал, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ-ның басқарма төрағасы Н.Отажонов біздің өңірдің инвестициялық ахуалына жоғары баға берді.

Иә, қазақ-өзбек ынтымақтастығы Түркістан облысын дамытуда ерекше маңызға ие екенін атап өту қажет. Өзбекстан біздің өңіріміз үшін екінші маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылады.

Еліміз бойынша 185 мың техниканың 76%-ы, облыста 19 мың техниканың 83%-ы тозған. Мемлекет өз тарапынан инвестициялық субсидиялар, фермерлерге жеңілдікпен несиелер, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін субсидиялар, сондай-ақ, инфрақұрылым жүргізу түрінде көптеген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып келеді.

Жобаға қызығушылық танытқан өзбекстандық компанияның басшылығы 49/51% шарты негізінде, акциялардың негізгі пакеті «Orbis Kazakhstan» қазақстандық серіктес компаниясында болуды жөн көрді.

«Orbis Kazakhstan» компаниялар тобы – экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, ондаған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктірген көп бейінді отандық компания. Компаниялар тобы мұнай сервисі, мұнай химиясы, агробизнес, құрылыс, көлік, тасымалдау және қоғамдық тамақтану бойынша қызметтердің кең түрін жүзеге асырып келеді.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news