Арнайы мониторингтік топ ауданымызда болды

Сапасыз жолдар – еліміз үшін ең өзекті мәселенің бірі. Оған жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді, алайда төселген асфальт сүріліп, жаңа деген жолдар бір-екі жылда сыр бере бастайды. Оны уақыт көрсетіп отыр. Жақында Созақ ауданына қарасты Тасты ауылындағы жергілікті азаматтардың арыз-шағымдарына байланысты «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы бойынша Созақ ауданына арнайы мониторинг топ мүшелері келді. Аудандағы арнайы мониторингтік топтың мүшелері де осы топқа қосылып Тасты ауылындағы асфальт төселген бірқатар көшелерді және аудан орталығындағы Жамбыл, №30, №32, А.Мұқанов көшелеріне төселген асфальт жамылғысының сапасын тексерді.   Мониторлық топ барлық  көшелерді «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығының мамандарының қатысуымен арнайы әкелген құрылғылары арқылы сынама зерттеу жүргізді.  Мониторингтік топ құрамында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, превенция басқармасының басшысы  Ғабит Жүндібаев, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев, аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет, арнайы моиторингтік топ мүшесі, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов, аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов,  Ұлттық жол активтері сапасы» орталығыныңинженері Данияр Камалов, арнайы моиторингтік топ мүшелері Нұрболат Қошқарбаев, Жеңіс Төлепбергенов,  Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Арайлым Тастемір, мердігер компания басшылары және бұқаралық ақпарат қөұралдарының өкілдері болды. Асфальт төсенішінің қалыңдығы стандартқа сай болу қажет.  Негізіненжолдағытөсеніштіңөлшемінанықтаутехникалықбақылаумекемесініңқұзырында. Алайдажіберілгенкемшіліктердіанықтап, кетікжерлердіқалпынакелтіртіпалуқажет- дейдімониторлық топ өкілдері.Арнайы мониторингтік топ ауданымызда болды 1

Еліміз егемендігін алған тұстан бері өзекті болып келе жатқан мәселелердің бірі асфальт төселген тас жол екені даусыз. Жасыратыны жоқ, жаңадан төселген асфальттың небәрі бір-екі жылда тоз-тозы шығып жатады. Дегенмен соңғы жылдары бұл мәселе ауданымызда оң шешімін тапқандай. Ескірген жолдар жаңа технология арқылы жөндеуден өтіп ел игілігіне берілуде.

Асфальттың кез келген түрі мен маркасында құм, шағыл тастары немесе гравий, минералды ұнтақ және қарамайға ұқсас битум көбірек қолданылады. Сонымен қатар жұмыс барысында жолды арматуралау үшін геосинтетикалық өнімдер қосылуы мүмкін. Дегенмен жолдың кей түрлерінде шағыл тастардың пайдаланыла бермейтінін айта кеткен жөн.

Бірақ көлік көп қозғалатын тұста ұзаққа шыдас беру үшін пайдаланылады.
Аты аталған қоспалардың қандай рөл атқаратынын білесіз бе? Мәселен құм жолдың асфальтқа түсіретін қысымын бірқалыпта ұстап тұрады. Сондай-ақ, ол битум мен шағыл тастардың бір-біріне байланысып кетуін қамтамасыз етеді. Ал минералды ұнтақ кем-кетік жерлерді толықтырып тұрмақ. Бұл қоспалардың ішінде ең маңыздысы – битум. Өзгелері белгілі бір деңгейде қосылып отыр­ғанымен, қарамайға ұқсас өнімнің көлемі өз деңгейінен кемімеуі тиіс.
Асфальтты төсемес алдын қара жерді түзеп алған жөн. Бұл ең маңыздысы болып есептеледі. Себебі «діңгегі» дұрыс орнатылмаған қара жол ұзаққа шыдамайды. Осыдан кейін барып қана құм төгіліп, беті тегістеледі. Ал ары қарай шағыл тастардың реті кетеді. Бәрі орнығып кету үшін арнайы техникамен бастырылады. Міне осы жұмыстар реттелгеннен кейін ғана асфальт немесе бетон жабынды үш түрлі қабатта құйылады.

Мұны неге айтып отырмыз. Атқарылған жұмыстарды қабылдайтын азаматтар жол салынып жатқан уақытта арнайы барып, жұмыстың сапалы атқарылып жатыр ма, жоқ па? Осы жағын жиі-жиі қадағалап, мердігер компанияларға кеткен кемшіліктерді ескертіп отырса кейін ол біткен істің дау-дамайы болмас еді деген ойға қаласың.

Көше жолдары стандарт талаптарына сай келе ме, жоқ па оны арнайы зертханалық тексеруден кейін шыққан қорытындыға байланысты қосымша хабарлайтын болады. Жыл аяғына дейін әлі осы мәселеге қатысты бас қосатын боламыз,-деді Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай.

Облыстан келген арнайы мониторингтік топ осы күні зерттеу жұмысын кешке дейін аяқтап, аудан көлеміндегі ішкі көшелердің орташа жол жөндеуге қатысты бақылау актілерін жасап Түркістанға қайтты.

М.Қарғабай,

Созақ ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтың мүшесі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...