Айбынымызды асырған Ата заңымызға- 25 жыл

Қазіргі таңда бейбітшіліктің символындай болған Қазақстан еліміз тәуелсіздігін жариялаған күні- ақ өзін әлемге- демократиялы, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде танытты. Бауырына сан түрлі тағдырлы баршаның баласын басқан киелі жұртымыздағы ынтымақтың басты ұйытқысы- Ата заң. Ата заң бұл біздің азаттығымызды, егеменді ел екенімізді көрсететін басты құжат. Елімізде жасайтын ұлттар мен ұлыстардың асқақ айбыны, арқа сүйер алтын арқауы. Иә, бүгінгі күн егемен елімізде жасап жатқан 130 астам ұлттар мен ұлыстарды, түрлі дін ұстанушыларын айрандай ұйытып отырған бұл ата заңымыздың тамыры әріде жатыр. Ол дүйім  қазақтың мақтанышы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын ұлы дала заңының негізінде жасалған. Асылында, кез- келген ұлт, мемлекет өзінің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын осы негізгі құжат- конституция арқылы айқындайды. Сондай- ақ, бұл құжатта мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Егер тәуелсіздігімізді алған жылдар тарихына үңілсек, алғаш 1993 жылдың 28 қаңтарында қазіргі  Атазаңымыз қабылданып,  қолданысқа енген болатын. Содан араға тура екі жыл салып тағы да толыға түсті. Сөйткен конституциямызға биыл 25 жыл толып отыр. 1995 жылы туған бала 25- ке келді, ер азамат болды. Сол секілді ата заңымыз да 25 жылдан бері тәуелсіз елімізге қызмет етіп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны қабылдаумен байланысты екенін былай деп атап көрсетті:

«Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс- тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі ұстанымдарын баянды етуге тиіс болатын».

Міне, сол сарабдал саясаттың арқасында тәуелсіздік жылдарындағы экономикалық және әлеуметтік саладағы дамуға бағытталған реформалардың барлығының жемісті нәтижесінбіз бүгін көріп, сезініп отырмыз. Сондай- ақ, бүгінгі дін саласындағы оң өзгерістерді де Ата заңымызбен байланыстырамыз. Себебі, Ата заң бойынша демократиялық қоғамның бір талабы ретінде әрбір Қазақстан азаматына наным- сенім еркіндігі берілген. Ендеше, еліміз үшін қастерлі боп табылатын Ата заң қабылданған күнді айрықша мереке етіп атап өту және заңдарымызды құрметтеу әрбіріміздің қасиетті борышымыз.

Елбасымыз қадап айтқандай: «конституцияны қатаң ұстану- бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру- бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет- конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Атазаңымызды сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орныдай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілік пен тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс- берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».

Оқыған адамға, әрбір өзін қазақ, қазақстандық сезінетін азаматқа  кәдімгідей ой салып, патриоттығыңды оятатын жүрекжарды сөздер. Ендеше, сол бір кездері өзі кепілдік беріп келген конституциямыз, атазаңымыз жайлы Елбасыдан артып не айта алармыз. Тек тілегім, осы бір дұрыс өмір сүруімізге кепілдік беретін еліміздің басты құжаты өміршең болсыншы!

Данияр Бек

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...