Ұлттың тілі – ұлылықтар құндылығы

Өткен аптаның соңғы күні Шолаққорған ауылының орталығында      «Мыңжылқы» мәдениет сарайында«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» салтанатты шарасы өтті. Тіл – қашан да ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың еге­мендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік мең­геруіне толық мүмкіндік бар. Баршаңызға белгілі 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Осы атаулы датаға орай «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен бірнеше байқау онлайн форматта өткізілген болатын. Кешегі аптада сол байқауларды қорытындылап, жеңімпаздарын  марапаттау шарасы өтті.  Атаулы мейраммен құттықтау үшін және бірнеше тіл жанашырларын марапаттау үшін сахнаға Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Маманов Серік көтерілді. Мерекелік шарада  Қарғабай Мақсат Жеңісұлы – «Созақ үні» газетінің жауапты хатшысы, Биғондиева Гүлдана Шерниязқызы – А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, Досболов  Ерік Есенұлы – Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері, Даулеталиева Сымбат Әлібекқызы – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі марапатталды.Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,оның мәртебесін көтеру,  маңыздылығын  насихаттау, этнос өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгерген білімді тұрғындарды анықтау мақсатында   «Тіл мерейі»  байқауы өткізілсе,бүлдіршіндеріміздің қазақ тілінде сөйлеу деңгейін көтеруге, олардың ой өрістерін, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыруға, сөздік қорларын молайтуға ықпал ету мақсатында «Тілім — тірегім» атты аудандық онлайн байқау ұйымдастырылды. Аталған байқаулар жеңімпаздарын тіл саясатының дамуына үлес қосып келе жатқан тіл жанашыры Биғондиева Гүлдана Шерниязқызы марапаттады.  «Тіл мерейі» байқауы бойынша жүлдегерлер: ІІІ орын – Валибаева Дильфуза – «Созақ» балабақшасының  тәрбиешісі

ІІорын – Атабаева Махсуда — «Созақ» балабақшасының тәрбиешісі

І орын – Валибаева Хилола – «Қарағұр» жалпы орта мектебінің ұстазы.

                «Тілім-тірегім» байқауы бойынша жүлдегерлер:

ІІІ орын – Данияр Айқаракөз

ІІІ орын – Сәбит Айша

ІІІ орын – Сатан Нұрәлі

ІІ орын – Керімбай Алуа

І орын – Амангелді Аруна

Бас жүлде – Раушанхан Раяна

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,оның мәртебесін көтеру,    маңыздылығын  насихаттау, ұмытылып бара жатқан қазақтың көне сөздерін қайта жандандыру, жастардың жадында сақтау  мақсатында «Сөз — сандық»  атты аудандық онлайн байқау  1 ай көлемінде әлеуметтік желі арқылы өткізілсе, сонымен қатар тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында ұйымдастырылған «Ахмет оқулары» онлайн байқауы да осы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналып ұйымдастырылды.

              «Ахмет оқулары» байқауы бойынша жүлдегерлер:

ІІІ орын  — Түменбай Әйгерім – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта

мектебінің ұстазы

ІІІ орын – Бименова Элмира Бөрібекқызы —  «Қызғалдақ»  балабақшасының тәрбиешісі

ІІ орын – Жұмабаева Айдана – Н.Төреқұлов атындағы IT мектеп- лицейінің ұстаз

ІІ орын – Мұратқызы Бижамал – «Созақ» балабақшасының тәрбиешісі

І орын – Арғынбай Ақбаян – Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп ұстазы

Бас жүлде – Шәріп Сіргелі – Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы.

               «Сөз – сандық» байқауы бойынша жүлдегерлер:

ІІІ орын – Алиса Тастемирова –аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің суретші маманы

ІІІ орын – Аманкүл Палуанова – Қ.Сәтбаев атындағы мектеп- гимназиясының ұстазы

ІІ орын – Қарлыға Мұқатова – Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы

І орын – Мұхит Төлегенов – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Теология факультетінің декан орынбасары.

Сонымен қатар, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы тарапынан ұйымдастырылатын ағылшын тілі курстарын үздік бітірушілерге арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табысталады.

  1. Бимырзаева Тансык Кабаковна
  2. Татимова Орынкүл Бахтиярқызы
  3. Әділбекова Роза Өтегенқызы
  4. Терискенбаева Ғайни Алашовна
  5. Абдраманова Дана Есеновна
  6. Құлыбекова Рахат Бекзатқызы

Жалпы бұл тіл мерекесіне қатысты шара жыл бойына өтіп тұрады. Елдігіміз бен егемендігіміздің айшықты айнасы, әрбір ұлттың аса құнды да қасиетті рухани дүниесі-тілге деген құрмет айлар мен жылдарға, мерекелік күндер мен календарларға бағынбақ емес!

 

Мақсат Қарғабай

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...