Қоғамдық бақылауды күшейту маңызды

 Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кеңес өткізгені мәлім. Жиын барысында түйткілді мәселелер төңірегінде кеңінен әңгіме қозғалды.

 Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жем­қорлық азаймай тұрғаны рас. Өкініштісі, Transparency International рей­тингінде Қазақстан жемқорлық бо­йынша 180 мемлекеттің ішінде 113-ші орынға жайғасқан.Дегенмен, кейінгі жыл­дары сы­байлас жемқорлықпен күрес жұ­мыс­тары өз жемісін беріп келеді десек, қате­­леспейміз. Мәселен, жоғарыда айтыл­­ған ұйымның 2013 жылғы тізі­мінде 140-орында тұрған еді. «Мұ­сылман болу әсте-әсте» демекші, қоғам­ды жегідей жеген індетпен күре­судің де саты-сатымен жүргізілетіні түсінікті.

 Осы орайда, Мемлекет басшы­сы­ның мына сөзі ойға оралады: «Күн­делікті өмірде жемқорлық жағдай­ларына тап болған жұрт шарасыз күйге түседі, әділдіктің бар екеніне сенбейді. Пандемиямен жалпыұлт­тық деңгейде жаппай күрес жүріп жатқанда пайда табу үшін адам қан­ша­лықты арсыз болуы керек? Мыса­лы, Алматыдағы Жетісу ауданы әкімді­гінің қызметкерлері азаматтарды блок-бе­кет­тен өткізу үшін үнемі пара алып отыр­ған. Мұндай деректер бірне­ше өңірде бай­қалды. Тіпті барлық жерде осы­лай болған шығар деп ойлай­мын», деген еді Қ.Тоқаев таяуда өт­кен сы­байлас жемқорлыққа қарсы жиында.

 Президент сөзінің жаны бар. Панде­мия кезінде құқық қорғау органдары қыз­мет­керлерінің талай «қызығына» куә болдық. Мәселен, сәуірде бір топ қымбат көліктің елдегі төтенше жағдай мен карантинге қарамастан Алматыдағы блок-постан емін-еркін өткені, мейрамхананың бірінде той өтіп жатқаны көрсетілген видео әлеуметтік желіде жарияланған-ды. Кейіннен бұл тәртіп бұзғандардың Алматы қаласы криминалды полиция департаменті басшысының туыстары екені айтылды.

 Көп ұзамай Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы оқиғаны сынға алып, төтенше жағдай режімін бұзуға жол бергені үшін Алматы қаласы кри­ми­налды полиция департаменті бас­шысы Жанболат Зиадинді қызметінен босатты. Сондай-ақ Ақмола облысы Сы­бай­­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл депар­­таменті қызметкерлерінің каран­тин режімін сақтамай, моншада жүр­гені көр­сетілген видео таралды.

 Құқық қорғау органдарының қыз­мет­керлері пара алудан да алдына жан салмайды. Мәселен, 2019 жылы елі­мізде сыбайлас жемқорлыққа байла­нысты 1002 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің мәлі­метіне сүйенсек, солардың 297-сі Ішкі істер министрлігінің және оған қарасты органның өкілдері екен.

 Биылғы тізімде де Ішкі істер минис­тр­лігі сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыл­ғандар саны бойынша көш бастап тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің деректеріне сай ішкі істер органдарының 77 қыз­меткері жауапқа тартылған.

 Осындайда, Мемлекет басшысы айтпақшы, «азаматтарымыз тұр­мыс­тық сыбайлас жемқорлықпен бетпе-бет келіп отырғанда» істелініп жатқан жұмыстың еш тиімділігі болмайды. Сондықтан түрлі тарту-та­ралғы беру, сыйлық талап ету, диплом сатып алу секілді әрекет келмеске кетіп, қоғам болып жемқорлықтан жап­пай жиренуіміз керек.

 Президент қоғамдық бақылауды кү­шей­ту ісін де басым міндеттердің бірі ретінде атады. Яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің барлық салалары бойынша қатаң қоғамдық ба­­қы­лау жүргізілуге тиіс. Яғни мем­ле­­кеттік органдар қоғамның қол­дауын­­сыз жемқорлықтың жегіқұр­тын жеңе алмайды. Сондықтан хал­қы­мыз­да адалдық идеологиясы қалып­тасуы тиіс.

 2014 жылы «Қазақстан Респуб­­ли­касының 2015-2025 жылдарға арнал­ған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стра­тегиясы» қабылданғаны есіміз­де. Құжатта қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениетті қалыптас­тырудың маңызы айтылған. Осы бағыт­тағы жұмысты одан әрі жетіл­діру үшін жүйелі іс-қимыл қажет еке­нін Мемлекет басшысы да атап өтті.

 «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы тиім­ді іс-қимыл, онымен ымырасыз күрес қоғамның өзекті мәселесінің біріне айнал­ғалы көп жылдың жүзі болды. Еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығы осы ба­ғыт­тағы жүйелі әрі табанды ша­раларға байланысты», деді Қ.Тоқаев.

 Президент айтып өткендей, сыбай­лас жемқорлықпен күресте қоғамдық бақылау те­тігі жұмыс істеуге тиіс. Бұл шараны ат­қа­­руға үкіметтік емес ұйымдар зор үлес қос­­пақ. Сондай-ақ олар нормативтік-құ­қық­­тық акті­лерді сараптау ісіне қатыса алады.

 Негізі, елімізде бұл бағытта көп­теген жұмыс атқарылып жатыр. Мәсе­лен, Волонтерлер жылы аясын­да азаматтардың құқықтық сауат­ты­лық­тарын арттыру мақсатында Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баста­ма­сымен «ADAL KÓMEK» жобасы іске қосылды. Онда азаматтық және қыл­мыстық құқық сала­сындағы заңгер­лер, адвокаттар мен нотариустер кеңес береді. Бүгін­ге дейін осы плат­форма арқылы әлеу­меттік осал топтардан шыққан 11 мың­нан астам азамат танымал заңгер­лерден тегін кеңес алды. Соны­мен қатар қоғам мүшелерімен диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық белең алып, наразылық туғызып жүр­ген түйткілді салаларды анықтауға болады.

 Бұдан бөлек, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақ­­сатында құрылған «Адалдық алаңы» жобасының аясында түрлі сала­­ны қамтитын «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сапалы жол», «Адал жол», «Protecting Business and In­vest­ments» жобалық кеңселері, қоғам­­­дық бақылауды қамтамасыз ете­тін ар­­найы мониторингтік және ақпа­раттық-ағарту топтары жұмыс істейді.

 Мәселен, «Protecting Business and In­vestments» жобасының ая­сын­да отан­­дық және шетелдік капи­тал­дың қатысуымен жалпы сомасы 12,1 трлн теңге болатын 421 биз­нес-жоба сыбайлас жемқор­лыққа қарсы сүйемелдеуге ие болып отыр. Инвес­тициялық жоба­лар­дың 28 пайызы шетелдік инвестор­лардың үлесінде. Кәсіп­керлер мен инвесторлардан келіп түскен ша­ғым­дардың 90 пайызы (684 шағымның 625-і) олардың мүддесіне шешілді.

 6 мыңнан астам мектепте 1 млн-ға жуық мүшесі бар «Адал ұрпақ» мек­теп клу­бы жұмыс істейді. Осы клуб­тар арқы­лы былтыр 25 мыңнан астам іс-шара ұйым­дастырылып, еліміз­дің барлық жалпы білім беретін мектеп­терінде жалпы­республикалық «Адал­дық сағаты» акциясы өткізілді. Бұған қоса «Transpar­en­cy Internatioanal Kazakhstan»-ның қол­дауымен «Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы жазғы мек­теп­тер» мен парасаттылық мек­тептері өткізіліп келеді. Скандинавия елдерінің тәжірибесі бойынша «Адал­дық дүкендері» (Integrity Shop) ашылды.

 Жалпы, еліміздің барлық өңірінде халықты ішкі мәдениет пен па­расат­тылыққа тәрбиелеуге бағыттал­ған 5 мыңға жуық сатушысыз дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ былтыр «Адалдық алаңы» жобасы қоса ұйымдастырушы ретінде өткізген «Халық заңгері» акциясында 18 мың азаматқа тегін құқықтық кеңес беріліп, оған 2 500 сарапшы қатысты. Акция бір уақытта 176 елді мекенде өткі­зілді. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық бақылау мен үкіметтік емес сектордың белсенділігі артуына байланысты, мемлекет пен қоғам арасындағы алшақ­тық азайды.

 Қорыта айтқанда, еліміздегі сы­байлас жемқорлықтың азаймай отыр­ғанына қара­мастан, оң өзгерістер же­тер­лік. Мем­лекет басшысы атап көр­сет­кендей, қоғамның жегіқұртымен күрес жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сон­да ғана адал қоғам құруға болады.

 «Egemen Qazaqstan»

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...