Қазақ қоғамындағы әйелдің орны

   Сайын даланы жылқының жалында, түйенің қомында жүріп қасық қаны қалғанша қорғап, елін-жерін сүйген, тауының әрбір тасының қадірін жете түсінген орман-тоғайын қызғыштай қорғаған есіл ерлер қаншама. Өткен тарихымызды түгендер болсақ қара-қазан, сары баланың қамы үшін бес қаруын сайлап атқа қонып, «Әруақ» деп атой салған қанды жорықтарға толы. Елінің азаттығы үшін жан-алысып, жан беріскен заман. Қилы-қилы тағдыр. Түлкі бұлаңдыққа салынған заман. Мұндай тар жол, тайғақ кешкен жолдар тек ер-азаматтар ғана айтылғандай болуы мүмкін. Жоқ. Бұл қиындықты ерлермен қоса қазақтың нәзік жанды қыз-келіншектері де бірге жүріп көтере білді. Тіпті Кеңес үкіметі орнап елді колхоздастыру саясаты басталған кезде де қазақ әйелі ерлермен бел шеше кірісіп бірде шопан болып қой бақса, бірде трактордың, соқаның маңайында табылғанын көне көздер айтып отырады. Сол себепті де болар ел арасында «қыздың қырық жаны бар», «қыз қырық шырақты» деген сөздердің қалыптасып әлі күнге жадымыздан ұмытылмай келе жатқаны.

Бұл мақалаға арқау болған мәселе, осыдан бір ай бұрын Алматының орталық алаңында болған «феминизм» яғни әйел адамдардың құқығы қорғалсын деп ұран салып, көшеге шыққан жастар турасында. Алдымен «феминизм» дегеніміз не? бұл қайдан шыққан атау? деген сұраққа жауап бере кетсек. Себебі «феминизм» қазақ қоғамына жаңадан еніп жатқан сөз. Бұл атау алғаш XVIII–XIXғасырда Еуропа елдерінде әйелдердің құқығын қорғау, әлеуметтік статусын анықтау мақсатында пайда болған ұғым. Тіпті сол Еуропада орнаған импералистік елдердің конституциялық нормаларында әйелдердің құқығын толықтай аяқ асты еткен жағдайлар кездескен.

Бірақ осы феминизм біз үшін яғни қазақ қоғамы үшін керек пе?. Импералистік Еуропа кезіндегідей әйелдердің құқығы тапталған заман бізде болған ба?. Меніңше жоқ. Себебі жер бетінде әйелден патша жасау сонау ерте темір дәуірінде-ақ қазақ даласында қалыптасып үлгерген. Дәлелі жер қайысқан қалың қолымен Сырдариядан бері өткен Парсының патшасы Кирді тоқтатқан сақ-массагет тайпасының көсемі Тұмар патшайым. Мұндай оқиғаларды жіпке тізгендей қылып айта берсек тауыса алмасымыз анық. Өйткені қазақ әйелі, қазақ қызы өз елінің ар-ұжданын өмірінен артық бағалаған. Дегенмен соңғы XXI ғасырда пайда болған «Жаһандану» үрдісі көптеген ұлттардың өзіндік менталитетінен айыруда. Бұл үрдістің салқыны қазақ халқына да зардабын тигізуде.Халқымыз қызды қырық үйден тый деп бекер айтпаса керек. Бірақ осы бір тыйым сөзді жоққа шығарып, өзінің мәдени құндылығының тамырына балта шапқандай болған кешегі шеруге шыққан жастар ұлтына қарсы шығып жатқанын түсіндіме екен. Әрине мемлекет болған соң, қоғамда зардапшегушінің болатыны белгілі. Дегенмен қазақ қоғамы әйелге зорлық-зомбылық көрсетуге түбегейлі қарсы. Себебі қазақтың бойында туабітті пайда болған ар-ұят, ғасырлар бойына жазылмай келген дала заңы — дәстүріміз қарсы. Мысалы алып қарар болсақДомалақ ананы әулие тұтпайтын, Айша бибіні пір тұтпайтын, Қарашаш ананы дана көрмейтін қазақ некен саяқ.Ал алаңға шыққан шерушілер дәстүрімізден,ұлттық мәдениетімізден хабары жоқ екені байқалуда. Ислам дінін мұсылман халқы болғандықтандінімізде де әйелдің орны жоғары. Сол себепті болар Алла Елшісі Мұхаммад пайғамбар (с.а.с) соғысқа шығып бара жатқан жас жігітті тоқтатып, үйіңде қарт анасы барын білген соң: «Расында жұмақ аналардың табанының астында» деуі.

Халқымызда қасықтап жинаған абыройды, шелектеп төкпе деген астарлы нақыл сөз бар. Сөзіміздің түйінін айтар болсақ, қазақ әйелі, қазақ анасы бүгінгі күнге дейін өз елін, өз отбасын, ошақ қасын бақыттың кілті деп есептеп келді.Өмірге сәби әкелуді парыз деп білді. Абыройға дақ, сүйекке таңба түспесін деп қызды қырық үйден тыйған дәстүріміз қазақ әйелінің абыройының жемісі іспеттес. Жалаң ұрандарға бой алдырып аналарымызды ұятқа қалдырар бөтен мәдениеттің сойылын соқпайық. Әрине қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бізде қарсымыз, әйелдердің құқығының қорғалуына бізде мүдделіміз. Бірақ өз дәстүрлі құндылығымызға қарсы қоюға шақыратын еркіндікке жол жоқ.

 Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ ауданы бөлімінің теолог маманы

 Қ.Қосмаханов

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news