Құрылысы біткен нысандар көркімен көз тартады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Сырты толық біткен ғимараттардың бүгінде ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Өңір басшысы барлық демалыс орындарына сапалы газон төсеуді тапсырды. Сондай-ақ, саябақтардағы демалатын жайларды жеңіл де қолайлы конструкциядан орнатуды жүктеді.

Құрылысы аяқталған департаменттер мен басқармалар үйінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ғимараттармен біркелкі дизайнда орындалған нысанның ішкі келбеті де заман талабына сай жасақталған.

Өмірзақ Естайұлы қала іргесінде орналасқан дендробақ құрылысының басында болды. 28 гектар алқапты алып жатқан жасыл аумақта сан түрлі жеміс ағаштары мен көпжылдық өсімдік түрлері өсіріледі. Мұнда амфитеатр, субұрқақтар мен жасанды көпірлер салынады. Облыс басшысы бірегей жобаға жауапты басшыларға құрылысшылар санын арттыруды тапсырды.

«Құрылыста адам саны аз. Ақша бөлінгеннен кейін аянбай, күндіз-түні жұмыс істеу керек. Алдымен ағаштарды суару жүйесін реттеңіздер. Жасанды көл көлемін арттыру керек. Ең бастысы, балалар алаңқайындағы құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударылсын» деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев Нұрсұлтан алаңы, аттракциондар саябағы, Ясауи мұражайы, Тұңғыш Президент саябағы мен желілік саябақты аралады. Тиісті мамандарға абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының бекітілген кестеге сай аяқталуын міндеттеді.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news