Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезең

 «Ана тілі» апталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» (25 маусым 2020 жыл) атты сұхбаты жарияланды. Сұх­бат­тың тақырыбынан-ақ Президенттің бүгінгі проблеманы ғана емес, болашақтағы мәселелерді де жан-жақты қам­ты­ғанын аңғаруға болады. Пандемия, мемлекеттік тіл мәсе­лесінен бастау алған келелі әңгіме ұлттық мүддеге ұласады.

 «Тіл мәселесіне бейжай қарап, немқұрайдылық танытатын болсақ, мемлекеттігіміз бен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп алуымыз мүмкін» дей келіп Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге байланысты өрелі тұжырымдарын ортаға салады. «Қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек». Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді білуі тиіс деп жиі айтылатын әңгіменің бас­ты тетігі осы. Президент қазақ тіліне қажеттілікті арттыру қажет екенін, халықпен етене жұмыс істейтін лауазымға кәсі­би біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басым­дық беру керек екендігін тайға таңба басқандай айтып отыр емес пе. Алдағы күндері Президенттің осы ой орамдары билік тарапынан жүзеге асырылатын болса, мемлекеттік тілге қатысты қордаланған мәселенің түйіні тарқатыла түсетіні анық.

 Тағы бір тілге тиек етер жайт, Мем­лекет басшысы ана тілі­нен бейхабар азаматтарға бай­ла­нысты қатқылдау сы­ни пікірін білдірді. Яғни «Пар­лам­ентте немесе баспасөз мәс­ли­хат­тарында мемлекеттік тіл­де сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғы­мы, ең алдымен, қазақ аза­мат­­тары­ның арасында – анахро­низ­мге айналуға тиіс». Биліктегі қазақтар ана тілін білуі тиіс деп ұқтық біз мұны.

 Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында елдік мәселесі де, елдікті көркейтетін еңбек мәселесі де қозғалған. Елдік демекші, Президент елімізді өркендету өз қолымызда екеніне де айрықша тоқталған. «Біздің осындай сындарлы сәтте қателесуге еш қақымыз да, құқымыз да жоқ. Және мемлекет құрушы ұлт ретінде бұл мәселені бірінші кезекте өзіміз терең сезінуіміз қажет. Өйткені қазақ халқының тағдыры тарих тара­зы­сында тұр…» деп түйін­деді мем­лекеттілікке қатыс­ты тұ­жы­рымын Мемлекет басшысы.

Ал еңбекке қатысты ойы әлі күнге бейқам қазаққа, жаһандану заманында, бәсекелестік кезең белең алған тұста тойшыл дағ­дысынан арылмаған ағайын­ға қарата айтылған арнау сөз деп қабылдадық.

«Қазір «Тойың тойға ұлас­сын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек». Президент Қ.Тоқаевтың елдік кредосы бұл. «Халықтың қазынасы той емес», тынымсыз тірлік, үздіксіз еңбек, сол ар­қылы елдің өркендеуі, халықтың көркеюі екендігін аңғартады.

«Мемлекеттің өзі өлермен­дікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуа­лай­тын емес, ой қуалайтын кезең­мен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білім­нің, еңбектің дәуірі!» Пара­сатты Президенттің пайымы бұл. Ой қуалаған қазақ­тың өрісі де кеңейіп, өркениет­­тегі де орны бөлек болуға тиіс. Ен­деше, сол күндерге тезірек жету үшін еткен еңбегіміздің есесін берсін.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news