Талантты жастарға таңдау жасалады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы коронавирусқа байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді. Бұл саланы одан әрі жан-жақты дамыту мәселелері талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 11 бағыты толықтай іске асқанын мәлім етті.

Отырыста Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов ЖОО-лар бойынша гранттарды алдымен табысы төмен отбасылардан шыққан жастарға бөлуді ұсынса, Рауан Кенжеханұлы Қазақстан мектептерін бір ауысымда оқу режиміне көшіру мәселесін қозғады. Оның айтуынша, Қазақстанда толықтай бір ауысымға өту үшін шамамен 3 мыңдай жаңа мектеп қажет. Мектеп салуға жеке қорларды кеңінен тарту керек деген спикер ұсынысы көкейге қонады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рахымбеков ауылды жерлерде инновацияны дамыту үшін білімнің ұлттық жүйесін құру бойынша бағдарлама әзірлеу қажеттігін тілге тиек етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды қолдады. Ол пандемия біздің еліміз үшін үлкен сынақ болып отырғанын, індетпен күрес әлі аяқталмағанын айтты. Мемлекет басшысы өз сөзінде билікке білімді әрі кәсіби тұрғыда даяр, патриоттық тұрғыда шыңдалған жастарды тарту керектігін мәлімдеді.

«Шынында да білімді әрі кәсіби тұрғыда даяр, патриоттық тұрғыда шыңдалған, психикалық тұрғыда ойлы жастар мен орта жастағылар мемлекеттік билік саласында еңбек етуі керек. Парламент болсын, Үкімет, әкімдік болсын, жаңа таланттарды іздеуге шақырамын. Кәсіби тұрғыда шыңдалған жастарды іздеуге шақырамын. Мемлекеттік билік жүйесінде олардың дарынын пайдалануымыз керек» деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ал, Тіл комитеті 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілуі мүмкін. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы баланы мектепке дейін дамытудың толыққанды моделі жоқтығына назар аударды. «Үкімет оны жылдың соңына дейін әзірлеуі керек. Біз сонымен қатар балаларды қосымша біліммен барынша қамтуымыз керек. Біздің балалардың спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық қырын ашу да өте маңызды» деді ол.

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы Үкіметке дәрігерлердің еңбекақысын биылдан бастап кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқытушылардың қоғамдағы беделін арттыруды ұсынды. «Педагогтардың мәртебесіне қолдау көрсету қажет. Оларды қоғамдағы беделді, танымал тұлғаларға айналдыру керек. Біз оларға арнайы медаль тағайындаймыз. Бұл – педагогтардың еңбегіне арналған мемлекеттік марапат» деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Президент білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада жемісті еңбек еткендерге жаңа «Халық алғысы» медалі берілетінін еске салды. Сондай-ақ, Президент педагогикалық мамандықтарға түсу талабы кезең-кезеңімен күшейетінін, болашақ педагогтардың шәкіртақысы 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсетінін жеткізді.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news