Президент неміс компанияларымен ынтымақтасу керектігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аялдаған нысаны «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы болды. Бұл жерде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ,  Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндап берді.

Сонымен бірге Мемлекет басшысына техникалық газ өндірумен айналысатын «ЛиндеГаз Қазақстан» ЖШС-нің, күн электростанциясы бағытында қызмет ететін «ҚазСолар-50» ЖШС-нің, жылу өткізбейтін құбырлар өндіретін «Изоплюс» ЖШС-нің және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС-нің жетекшілері өз зауыттарының жұмысы және өнім өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары жайында ақпарат берді. Бұдан бөлек бүкіл әлемде қалыптасқан экономикалық ахуалды ескере отырып, пандемия кезіндегі жұмыс жағдайы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен қайырымдылық істері туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазсолар-50» компаниясының өкілімен әңгіме барысында жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

– Балама электр энергиясы бағытын қолдаймын. Жолдауда біртіндеп көміртек пайдалануды азайту саясатын жүргізу керек екенін айттым. Бұл бағыттың болашағы зор. Бүкіл әлем аталған бағытта дамып жатыр. Мен Германияға барғанымда осы тақырыпта неміс компанияларының жетекшілерімен сөйлестім. Жалпы олармен ынтымақтастыққа назар аудару керек деп санаймын. Күн электр энергиясы болашақта бірқатар проблеманы шеше алатын қуатты көзге айналады. Ол сонысымен тартымды, – деді Президент.

Содан кейін Президент канадалық заманауи технология бойынша жылына латуньнан жасалған 30 миллион бұйым шығаратын «Steel Manufacturing» ЖШС-нің өндіріс аумағын аралап көрді.

«Егемен Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news