Президент: Қазақстан ашық әрі әділетті сайлау өткізуге дайын

Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашық әрі әділетті сайлау өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«COVID-19 пандемиясы әлемдік саясат пен экономиканы шатқаяқтатып жіберді. Жағдайды сауда соғыстарына ұласқан өзара санкциялар мен шектеулер тіпті ушықтырып тұр. Экстремизм, терроризм, есірткі саудасы, киберқауіпсіздік пен заңсыз көші-қон саласындағы жаһандық тегеуріндердің артып бара жатқаны да алаңдатады. Осындай жағдайда бейбітшілікті нығайтып, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы мемлекетаралық механизм ретіндегі біздің ұйымның рөлі айтарлықтай арта түседі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, пандемияны еңсеруге үн қосқаныңыз үшін құрметті Владимир Владимирович (РФ президенті Путинге) сізге алғысымды айтқым келеді. Таяу арада Қазақстанда ресейлік вакцинаны әзірлейтін зауыт салынады», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларға Қазақстанда электоралды кезең басталып жатқанын айтып өтті.

«2021 жылғы 11 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілдік органдарының сайлауы өтеді. Сайлау конституциялық мерзімде болады. Партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Серіктестеріміздің қолдауы мен осы елдердің бақылаушыларын күтеміз», деді Мемлекет басшысы.

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news