Мемлекет басшысының Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі

                                            Құрметті отандастар!

 Бүгін мен Парламент Мә­жі­лісі депу­таттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Ор­та­лық сайлау ко­мис­сиясының қаулысымен бар­лық деңгейдегі мәслихат депу­тат­тарының сайлауы тағайын­далады.

Алдағы сайлау конс­ти­туциялық мер­зімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаң­тарында өтеді. Барлық саяси партия­лардың бұл сайлау науқанына қаты­суға дайындалуына, сайлау алдындағы плат­формасын әзірлеуіне, партиялық инфра­құ­рылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.

 Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заң­дылығын, ашықтығын 
жә­не әділдігін
 сақтау үшін тұ­рақ­ты бақылау жүргізіп отырады.

 Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппар­тия­лықты дамыту және елі­міз­дің қоғамдық-саяси өміріне аза­маттардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабыл­данды.

 Бірінші. «Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Парламенті және оның депу­тат­тарының мәртебесі туралы» конс­титуциялық заң­ға және «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламентінің коми­теттері мен комиссиялары туралы» заңға түзе­тулер енгізу арқылы парламенттік оппози­ция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толық­тырулар жасалды.

 Енді Парламент Мәжілісі тұ­рақты комитеттерінің бір төр­ағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

 Сонымен қатар парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тың­дау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сон­дай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

 Бұдан бөлек, саяси партиялар фрак­цияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бір­лескен отырыстарында, Пар­ла­мент Мәжілісінің пленар­лық отырыстарында, тұрақты коми­теттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқықберіледі.

 Екінші. «Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сындағы сайлау тура­лы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойыншапарламенттік тәжі­рибемізде алғаш рет партия­лық тізімге әйелдер мен жас­тар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парла­ментке және жергілікті өкілді орган­дарға әйелдер мен жастар­ды тартудың тиімді жолы ретін­де олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

 Үшінші. Алдағы мәсли­хат­тар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойын­ша өтеді. Пропорционалды модель әлем­дік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

 Бұл жаңа бастамалар пар­тия­ларға еліміздің саяси жүйе­сін­дегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

 * * *

 Коронавирус пандемиясы сал­дарынан туындаған күрде­лі экономикалық дағдарыс көп­те­ген елді қамтыды, сондай-ақ бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.

 Қазіргі күрделі кезеңде Қазақ­станның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеу­меттік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арна­ған Жолдауымда айтылды.

 Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.

 Алдағы сайлау еліміздің сая­си жүйесін жаңартуды қамта­­масыз ететін саяси институт­тарды дәйекті түрде демокра­тия­ландыруға және жаңғыртуға Қазақ­станның аса ықыласты еке­нін тағы да бір дәлелдейтін болады.

 Біздің ортақ миссиямыз – Қазақ­станды өркендету, азамат­та­рымыздың игілігі үшін қыз­мет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жа­ғадан бас шығара білді. Халқы­мыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайық­ты атқарады деп сенемін. Тәуел­сіз­діктің 30 жылдығы қарсаң­ында еліміз кемелдене түсіп, да­мудың жаңа кезеңіне шығаты­нымыз анық.

 Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын таны­туға, Парла­мент Мәжілісінің және мәс­ли­хаттардың алдағы сайлауына ұйым­шылдықпен қатысуға шақырамын.

Құрметті отандастар!

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...