364 мың адам жұмыспен қамтылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов карантинді алып тастағанда, халықтың жұмыспен қамтылуы 2020 жылдың шілдесінен бастап қалпына келуі мүмкін деп санайды. Ол өз болжамдарын ҚР Үкіметінің отырысында айтты.

Еңбек министрінің басшысы  І тоқсанның қорытындысы бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,8%-ды құрағанын атап өтті.

Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 млн. қазақстандық уақытша жұмысынан босатылды.

«Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде карантиндік шараларды жеңілдету басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Үкімет тарапынан халықтың жұмыспен қамтылуына басымдық беріле отырып қабылданып жатқан экономиканы қалпына келтіру шаралары ағымдағы жылғы шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануына қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды  деңгейі 6,1%-ды құрайды.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1 млн. 220 мың адамды қамту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Азаматтардың басым бөлігі – 600 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша – 255 мың адам, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша (Нұрлы жол, Нұрлы жер, ИИДМБ, БЖК 2020-2025 және т.б.) – 364 мың адам қамтылатын болады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news