ҰБТ тапсыратындар өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға көп

20 маусым мен 5 шілде аралығында елімізде ҰБТ өткізіледі. Биылғы жылы тестілеуге 132 мыңға жуық адам қатысады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«ҰБТ биыл 17-рет өткізілетін болады. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысып шықты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізілуде: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барлық тест тапсырмаларының саны — 120, максималды балл — 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді, — деді министр

Асхат Аймағамбетов осы жылы өтініштерді қабылдау алғаш рет онлайн форматта өткенін атап өтті. Тек интернеті жоқ өңірлердің түлектері үшін дәстүрлі форматта құжаттар тапсыру мүмкіндігі берілді.

«Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111 109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық адамға жоғары. Сондай-ақ, алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131 755 адам тест тапсыратын болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, алдыңғы жылдары мектеп бітірген түлектерді қосқанда, биыл барлығы 131 755 адам тест тапсырады. ҰБТ бекітілген мерзімде, яғни, 20 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтау арқылы 161 ҰБТ пунктінде өткізіледі.

«Егемен Қазақстан» газетінен

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news